15.09.2022, 17:01
Оқылды: 60

Сессияда бірнеше мәселе қаралды

Бүгін Қаратөбе аудандық мәслихаты залында аудандық мәслихаттың кезекті ХХІ сессиясы өтті.

2

Жиынға төрағалық еткен аудандық мәслихат хатшысы Нұрлан Меңдешов күн тәртібіне бірнеше мәселе қойды.

Сессиядағы бірінші мәселе бойынша сөз алған Қаракөл ауылдық округінің әкімі Эльдар Амантаев Қаракөл ауылдық округі  бойынша атқарылған жұмыстарды  баяндады.

3

– Округ бойынша 77 кәсіпкерлік субъектілері бар. Оның 29-ы шаруа қожалықтары, 2-еуі ауылшаруашылық өндірістік кооперативі. Округіміздің негізгі экономикалық бағыты мал шаруашылығы. Шаруалар ауыл шуаруашылық техникаларын жөндеп, техникалық байқаудан өткендері мал азығын дайындады. Қазіргі таңда бір бума шөптің бағасы 3500 теңгеден ауыл халықына сатылып жатыр. Ауыл тұрғындарының бойдақ малдары «Жарлы» және «Ақтай - 2021»  ауылшаруашылық өндірістік кооперативтеріне қосылып бағылуда.

Одан өзге ауылды шағын кәсіпкерлікті дамыту, білім саласы, әлеуметтік сала, рухани жаңғыру бағытында және ауыл тазалығын сақтау мақсатында ауқымды шаралар атқарылып жатыр, - деді округ әкімі Э.Ниязбекұлы өз хабарламасында.

4

Сонымен қатар жиында аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының атқарған жұмыстары, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің атқарған жұмыстары тыңдалып, басқа да мәселелер қаралды.

Сессияда аудандық мәслихат депутаттары Нұрлыбек Айтқалиев, Дулат Қоламанов, Гүлмира Тілеуғалиева сөз алып, хабарламашылардың есепті кезең бойынша атқарған жұмыстарына оң бағасын беріп, ұсыныстарын жеткізді.

Жиында аудан әкімі Қадыржан Сүйеуғалиев сөз алып жастарға қолдау көрсетілетіндігін жеткізіп, әлеуметтік мәселелердің маңыздылығына тоқталды.

Райымбек Абай,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале