9.12.2022, 17:31
Оқылды: 20

Сессияның жұмысына үзіліс жарияланды

Бүгін Жәнібек аудандық мәслихаттың кезектен тыс жиырма алтыншы сессиясы өтті.

5d50d6d8-21fd-42bf-8ada-51eccd32ba9a

Сессияда аудандық мәслихаттың 2021 жылғы 30 желтоқсандағы «2022-2024 жылдарға арналған Ақоба, Борсы, Жақсыбай, Жәнібек, Күйгенкөл, Қамысты, Талов, Тау және Ұзынкөл ауылдық округтерінің бюджеттері туралы» №14-1, тағы басқа шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» аталған ауылдық округтердің әкімдері мен әкімдердің міндетін уақытша атқарушылардың хабарламалары аудандық мәслихат тұрақты комиссияларының бірлескен отырысында тыңдалып талқыланғандықтан депутаттар оларды бірауыздан бекітті.

6cd0f94c-fe73-4f2d-b3d9-f63d61896557

Аудандық мәслихаттың 2019 жылғы 9 қаңтардағы «Жәнібек ауданы бойынша учаскелік сайлау комиссияларының құрамдарын сайлау туралы» №28-2 шешіміне, атап айтқанда, №153 учаскелік сайлау комиссиясының құрамына өзгеріс енгізілді.

Аудандық мәслихаттың 2021 жылғы 9 ақпандағы «Жәнібек ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» №3-1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселе бойынша ҚР Әділет министрлігінен келісім алынбауына байланысты «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңының 11-бабының 4-тармағына сай сессияның жұмысына үзіліс жарияланып, уақыты кейін хабарланады.

Сессияда аудан әкімі Азамат Сафималиев сөз сөйледі.

Асқар Қожағұл,
Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале