17.08.2020, 11:24
Оқылды: 72

Шағатайда спорт алаңы ашылды

Теректі ауданына қарасты Шағатай ауылында спорт алаңы ашылды.

Shagatai (1)

Спорт күніне орайластырып ашылған алаңның құрылысына жергілікті бюджеттен 6 млн. 543 мың теңге қаражат бөлінген.

Shagatai (2)

Алаңның ашылу салтанатына Теректі ауданы әкімінің орынбасары Армат Байғазиев қатысып, құттықтау сөз сөйледі.
Ізгі тілегін білдіргендердің қатарында ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сатқан Қыдырұлы және спорт ардагері Талғат Қазмуханбетов болды.
Лента қию рәсімін спорт ардагері Талғат Жанбатырұлы мен волейболдан аудандық турнирлердің бірнеше дүркін жеңімпазы Ерлан Ибатулиев өткізді.
Естеріңізге салсақ, бұл – аудан бойынша биыл ашылған үшінші спорт алаңы. Теректі аудандық білім беру бөлімінің басшысы Жанаргүл Хусайнованың айтуынша, әлі Долин, Ақсоғым, Ақжайық және Богданов ауылдарында да дәл осындай спорттық алаңдар пайдалануға беріледі екен.

Әділет Әлібекұлы,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале