17.03.2022, 13:00
Оқылды: 129

Шағын футбол мәресіне жетті

Жуырда Жаңақала аудандық мәдениет үйінде «Руханият» қоғамдық бірлестігі мен жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Жаңақала шағын футбол лигасының марапаттау рәсімі өтті.

13

ІV-маусымды аяқтаған лигаға 14 команда бақ сынап, 250-ге жуық ойыншылар қатысқан. Аудан әкімінің орынбасары Ақнұрлы Еслямғалиева сөз сөйлеп, жылы лебізін білдірді. Шағын футбол лигасының қорытындысы бойынша Орынғали Сағынов (Достар командасы) «Үздік қорғаушы» аталымымен марапатталса, Айеке Мұхамедқанафи (Құрдастар командасы) «Үздік легионер» аталымына ие болды.

14

Ал «Үздік шабуылшы» аталымын Нұрлан Жұмағұлов (Достар командасы) алса, «Үздік қақпашы» аталымымен Біржан Қисымов (Қазақ мектебі командасы), «Үздік ойыншы» аталымымен Алтынбек Бижанов (Қазақ мектебі командасы) марапатталды. «Үздік әмбебап ойыншы» аталымына Сәрсенов Нұрлыбек (Құрдастар командасы) лайық деп танылды. Үздік шыққан спортшыларды аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Айдос Айтуғанұлы марапаттады. Жарыстың қорытындысы бойынша Қазақ мектебі командасы жеңімпаз атанды. Құрдастар командасы күміспен күптелсе, Достар командасы қола жүлдені қанағат тұтты. Жүлделі орындарға ие болған командалар «Руханият» қоғамдық бірлестігінің дипломдарымен, медальдарымен сонымен қатар ақшалай сыйлықтарымен марапатталды.

Райхан Амантайқызы,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале