8.11.2022, 21:37
Оқылды: 26

Шағын футболдан лига басталды

Бүгін «Jastar» спорт клубында Жаңақала ауданы бойынша шағын футбол лигасы өтуде.

Шағын футболдан лига (2)

Сайыстың ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Ақнұрлы Еслямғалиева, мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Данял Танзенов, «Jastar» спорт клубының басшысы Жанболат Гумаров және жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың басшысы Дәурен Мерешов қатысып, А.Нұрғалиқызы сөз кезегінде лиганың ашылу салтанатымен құттықтап, қатысушыларға сәттілік тіледі. Сондай-ақ мәдени-демалыс орталығының әншісі Марат Азамат «Кикі мерген» әнін тарту етті.

Шағын футболдан лига (1)

Футболға Пятимар, Мәстексай, Көпжасар және Жаңақазан ауылдық округтері, жастар ресурстық орталығы, аудандық аурухана, полиция бөлімі, Жаңақала колледжі, Жаңақала ЖОББ мектебі, № 3 ЖОББ мектебі, Жаңақала мектеп-гимназиясы, Қ.Жантілеуов атындағы саз мектебі қатысып, тартысты ойынды бастап кетті.

Шағын футболдан лига (4)

Аудандық шағын футбол лигасы жыл бойы жалғасын табатын болады.

Н.Дүйсенбаева,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале