19.12.2019, 16:37
Оқылды: 166

Шағын футболдан үздіктер анықталды

Қаратөбеде 2009-2010 жылы туған жасөспірімдер арасында шағын футболдан аудан біріншілігі өтті.

qaratobe futbol (2)

Оған Қаратөбе балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінен, Б.Аманшин  және Мұхит атындағы мектептен, Қаратөбе мектеп-гимназиясынан, Шөптікөл мен Соналы мектептерінен жалпы 6 команда жасақталып, ойынға 57 спортшы қатысты.

 Біріншілік барысында тартымды ойын көрсетіп, көзге түскен бір топ ойыншы арнайы аталымдарды иеленді. Нақтырақ айтсақ, соналылық Мәдияр Сәттіғали «Үздік қорғаушы», үшаналық Әлфараби Әділхан «Үздік  ойыншы», мектеп-гимназия оқушысы Мансур Мағзомов «Үздік шабуылшы», Қаратөбе балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің оқушысы Жуаныш Мақаш «Үздік қақпашы» аталымдарымен марапатталды.

 – Шағын футболға қатысушы жас өрендердің ойынға деген құлшыныстары  мықты. Бүгінгі жарыста да көптеген спортшылар шеберліктерін таныта білді. Алда олардың бұдан да жақсы ойын көрсететіндігіне сеніміміз мол, - дейді Қаратөбе балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің футбол үйірмесінің жаттықтырушысы Мейрам Құмарғалиев.

Ерболат Райсов

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале