17.09.2019, 12:55
Оқылды: 173

Шағырлойлықтар спорт алаңын салды

Сырым ауданы Сарой ауылдық округінің Шағырлой ауылынан шыққан азаматтар ауылға спорт алаңын салып берді.

DSC_3413

Сарой ауылдық округінің әкімі Айбол Жакиевтің айтуынша, спорт алаңы жеке кәсіпкерлер және 1964-1987 жылғы аралығындағы түлектердің демеушілігімен салынған. Жоба құны 7 млн. теңге. Ашылу салтанатында Айбол Каримоллаұлы ауыл тұрғындарына қуаныш сыйлаған жомарт жандарды марапаттап, алғысын жаудырды.

DSC_3362

Ауылдық округтің орталығы Шағырлой ауылын абаттандыру аясында балабақшаға ойын алаңын салу, ауылға кіреберіс белгі орнату және саябақ салу жоспарланған.

 Айжан АМАНГЕЛДИНА,

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале