15.10.2021, 9:47
Оқылды: 38

Шалғай ауылында шағын турнир өтті

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Бәйтерек ауданына қарасты Шалғай ауылдық округінде шағын футболдан ауыларалық ашық турнир оздырылды. 

7

Ауылды қуанышқа кенелткен көп функционалды спорт алаңының ашылу құрметіне орай және бұқаралық спортты дамытып, ауыл жастарын салауатты өмір салтын ұстануға шақыру және футбол ойынына деген қызығушылықты арттыру мақсатында өткен додаға аудан округтерінің командалары қатысты.

Әуесқой аяқдоп шеберлері жанкүйерге футбол ойынының барлық жақсы қырларын көрсетіп, сайыстың көркін қыздырды.

2

Жарыс қорытындысы бойынша, егіндібұлақтық футболшылар топ жарса, Зеленый командасы екінші, Шалғай ауылындағы шекара бөлімшесінің  аяқдопшылары үшінші орын иеленді.
Ауыл халқына тамаша көңіл-күй сыйлап, футбол мерекесін ұсынған ойыншыларға бағалы сыйлықтар мен мақтау қағаздары табысталды.

Назерке Сыйлыбаева, 
Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале