14.10.2021, 16:34
Оқылды: 77

Шалғайда спорт алаңы ашылды

Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Бәйтерек ауданы Шалғай ауылында жаңа спорт алаңы ашылды. Ресей елімен шектесіп жатқан алыс елді мекен тұрғындары үшін бұл – айтулы оқиға.

33

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша бой көтерген спорт нысанының ашылуына аудан әкімі Марат Тоқжановтың өзі келіп, шалғайлық спорт ардагері Валентина Мищенкомен бірге көпфункционалды спорт алаңының лентасын қиды.

31

- Ауыл үшін жасалған жұмыс жетерлік. Біраз ауылға су тартылды, газбен қамту ісі 98 пайыздан асты. Биыл ауданның 9 округінде осындай спорт алаңдары салынуда. Аудан шетінде орналасқан Шалғай ауылына келер жолдың құрылысы да аяқтала қалды. Біздің басты мақсатымыз – шекаралық аймақта орналасқан әр ауылға жол жеткізу. Ел үкіметі алыстағы ағайынды еш уақытта ұмыт қалдырмайды. Ауыл спортын дамытып, ел мерейін асырар дүлдүлдерді тәрбиелеу мақсатында бой көтерген нысан ел игіліне жарасын,-деді ауылдағы ағайынның қуанышын бөлісе келген аудан басшысы Марат Тоқжанов. Сондай-ақ Марат Лұқпанұлы ауыл жастарына арналған доптарды сыйлады.

Салтанатты жиында сөз алған спорт ардагері Валентина Мищенко спорт мектебі қалыптасқан, талай мықты атлеттің томағасын сыпырған Шалғай топырағынан енді жаңа буын спортшылары шығады деген сенімін білдірсе, «Анаконда» ЖШС-нің басшысы Андрей Зинченко ауыл тұрғындарын жаңа нысанның ашылуымен құттықтап, жаңа доп тарту етті.

26

Жиын соңы Шалғай, Зеленый, Егіндібұлақ және ауылдағы шекара бекетінің командалары арасындағы футбол турниріне ұласты.

Түгелбай Бисен

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале