Оралда VI халықаралық экологиялық форум өтті
3 Маусым 2023

Оралда VI халықаралық экологиялық форум өтті

Желбіре, көк байрағым!
2 Маусым 2023

Желбіре, көк байрағым!

Талдықұдықтықтар челлендж бастады
2 Маусым 2023

Талдықұдықтықтар челлендж бастады

Казталов ауданы: 30 кітап оқыған оқушыға 300 мың теңге беріледі
2 Маусым 2023

Казталов ауданы: 30 кітап оқыған оқушыға 300 мың теңге беріледі

Ақтөбеге барар жолда жол апатынан төрт мұғалім қаза тапты
2 Маусым 2023

Ақтөбеге барар жолда жол апатынан төрт мұғалім қаза тапты

Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстанның Шолпан-Ата қаласына жұмыс сапарымен барды
2 Маусым 2023

Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстанның Шолпан-Ата қаласына жұмыс сапарымен барды

Шалғындық 23 отбасына жаңа пәтер табысталды

Тәуелсіздік күні мерекесіне орай Шалғын ауылының тұрғындары үлкен қуанышқа кенелді. Көктемгі су тасқынынан елді мекенде үйлерге су кіріп, 23 үй тұруға жарамсыз болған еді. Міне, бүгін Шалғын ауылының 23 отбасына жаңадан салынған тұрғын үйлердің кілті табысталып, тұрғындар қоныс тойын тойлауда. Айта кетерлігі, елді мекендегі тұрғын үйлер «Қазақстан халқына» ұлттық қорының қаражатына салынды.Шалғын үй (3)
Шалғын халқының қуанышын бөлісіп, тұрғын үйлердің ашылу салтанатына қатысып, сөз сөйлеген аудан әкімі Қадыржан Сүйеуғалиев:

– Көктемгі су тасқынының салдарынан ауданымызда төтенше жағдай жарияланып, Шалғын ауылының халқына үлкен кеселін тигізген болатын. Облыс әкімінің тікелей қолдауымен елді мекенде үй салу жұмыстары жүргізілді. Қиын сәттерде шыдамдылық танытқан ауыл халқына алғыс айтқым келеді. Мемлекет тарапынан қолдаулар болды. «Қазақстан халқына» қорынан қаражат бөлініп, тұрғындардың жылы да, жайлы пәтерге орналасуларына ұйытқы болды. Елімізде бірлік болсын, қуанышты күндеріміз көп болсын, - деді.

Шалғын үй (7)

Одан соң аудан басшысы қуаныштан жүздері бал-бұл жанған ауыл тұрғындарына жаңадан салынған пәтерлердің келттерін табыстап, «Құтты болсын!» айтты.

Тұрғын үйлердің салтанатты ашылуында Қоскөл мәдениет үйінің меңгерушісі Әлібек Әжіғалиев арнау айтса, ауыл халқының атынан сөз сөйлеген жаңа қоныс иесі Ағилан Рысбайқызы қиын кезеңдерде көмек қолын созған халыққа, облыс, аудан басшылығына ауылдастары атынан алғысын жеткізді.

Шалғындықтардың қоныс тойын тойлауға тікелей сеп болып, су жаңа пәтерлердің құрылысын жүргізген «Жиенбай» ЖШС-нің құрылтайшысы Александр Қарағойшин ауыл халқын баспаналы болуларымен құттықтап, әріптестері атынан жаңа пәтерге ие болған әжей Өзипа Мұқанқызына теледидар табыс етті. Салтанатты шарада қаратөбелік жеке кәсіпкер Жібек Сарестекованың атынан ауыл тұрғыны Алтын Рамазановаға төсеніш көрпелер табысталды.

Шалғын үй (6)

Шалғын халқының қуанышты сәтінде аудандық мәдениет үйінің әншілері әуелете ән шырқаса, үлкен қуанышқа кенелген ауыл тұрғындары әсем әуен толқынында би биледі.

Шалғын үй (1)

Шалғын үй (13)

Серікбай Хасанов,
Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале