28.07.2022, 16:45
Оқылды: 37

Шалғынға 369 орақ түсті

Теректілік шаруалар малға қысқы азық жинауға жауапкершілікпен кірісті. Жоспар бойынша қолда бар малдың қысқы азығына 143,2 мың тонна табиғи шөп қажет. Сол қажеттіліктің тек 8,1 мың тоннасы былтырдан қалған екен. Яғни, биыл 135 мың тонна шөп шабылуы тиіс.

1

Күні бүгін шабындықта жоспарланған көлемнен 34 пайызы, жалпы 50 мың тоннадай шөп шабылған. Шөптің орташа шығымдылығы гектарына 7 тоннадан. Әсіресе, жұмысы қарымды ауылдарда шөп шабу науқаны ортан белінен аса келді.

Мысалы, Ұзынкөл округінде шөпшілер жоспардың 60 пайызын орындап тастаған. Покатиловта мал қыстауына қажетті 3,21 мың тонна табиғи шөптің 1,77 мың тоннасы немесе жартысынан астамы дайындалған. Бұл ауылда шөп өнімділігі де орташадан  жоғары – гектарына 8 центнерден. 7 орақпен осыншама шөп орып үлгеру - механизаторлардың сапалы жұмысының көрсеткіші. Мал санына қарай шөпті ең көп дайындауды қажет ететін екі округ бар.

шоп

Соның бірі – Ақжайық ауылдық округінде жұмыс 30 пайызға ғана орындалған. Тиесілі 18,43 мың тонна шөптің 5, 470 мың тоннасы орылған. Шағатай округінде жағдай көш ілгері. 25 мың гектар шабындығы бар округ 13,400 мың гектарға орақ салып үлгерген. Жоспардың орындалуы 53 пайыз, яғни көзделген 17,72 мың тонна шөптің 9,380 мың тоннасы дайын. Ауылдық округтер кесіндісінде қарасақ, шөп шығымдылығы Ақсоғым, Богданов, Шалқар округтерінде төмен көрінеді.

Ораққа гектарына 6 центнерден ғана шөп ілігеді. Соған қарамастан, богдановтықтар 3,700 мың гектар алқаптан шөп орып, 2,220 мың тонна шөп дайындап алған. Бұл қажеттіліктерінің 47 пайызы көрінеді. Осы қалыптан танбаса, теректілік шөпшілер айдың соңына дейін табиғи мал азығын дайындау межесіне жетеді.

Камелия Қарекесова,
Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале