5.11.2021, 15:28
Оқылды: 76

Шариповтар шаңырағы жүлдегер атанды

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы және аудандық спорт клубы бірлесе отырып «Отбасы – бақыт мекені» атты отбасылық сайыс ұйымдастырды. Күні кеше пайдалануға берілген Подстепный ауылдық округінде орналасқан дене шынықтыру кешеніне жиналған  жас жанұялар салауатты өмір салтын насихаттап, балаларымен тиімді уақыт өткізді. Шараға келген облыстық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының бөлім басшысы М. Тұрғынғали  қатысушыларға сәттілік тіледі.

10

Спорттық сайысқа 5 отбасы қатысты, олар «Қыран» (Ақсоғым а.о), Телжановтар (Ақсуат а.о),Айтақановтар (Шағатай а.о) Шариповтар (Долин а.о), Садықовтар отбасы (Новопавловка а.о). Шараға төрешілік еткен аудандық спорт клубының қызметкері Е.Зайдоллаев қатысушыларға сайыс кезеңдерін түсіндірді. Жарыс алты кезеңнен құралып, отбасылар  тартысты ойын көрсетті.

fc4cb438-9cc0-417d-a6bc-591b750d4bf0

WhatsApp Image 2021-11-05 at 15.26.27

Нәтежиесінде оқ бойы озық ойын көрсеткен Шариповтар жанұясы 1 орынды жеңіп алды. Ақсоғымнан келген «Қыран» тобы 2 орынды иеленсе, Телжановтар әулеті үздік үштіктін қатарынан көрінді. Барша қатысушыларға алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табысталды.

11

Жарыс барысында болған барлық сынға қарамастан, жанұялардың жеңіске деген жігері мықты, отбасылық сенімі күшті болды.

—Болашақта бүгінгі ойын қателіктерін ескеріп, жақсы жарыстар өткізетін боламыз. Біздің мақсат отбасы бірлігін нығайту, бала мен ата-ананы жақындастыру,— деді  аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың басшысы Н.Аткеева.

Балнұр Қуанышқызы,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале