18.06.2021, 12:35
Оқылды: 60

Шаруа шабындыққа жұмылды

«Қыстың қамын жазда ойла» дейтін ұстанымдағы бәйтеректік шаруалар шөп шабу науқанына кірісті. Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің берген мәліметінше, биыл шаруалар 108 мың тоннадан астам шөп дайындауы керек екен. Ол жұмысқа барлығы 305 техника жұмылдырылмақшы.

CC98BCBE-57A7-4444-8335-326E0C59A9E6

-Ауданға қажетті шөпті әзірлеу оңай шаруа болмасы анық. Қалай болғанда да, жаздың қолайлы кездерін пайдаланып қалғанымыз жөн. Бір айта кететін жайт, биыл науқан бір аптаға кейін басталды. Оған айдың алғашқы онкүндігіндегі жауын себеп болды. Бірақ орағы сайлы, техникасы майлы шарулар қажетті мал азығын жинап алады деген үміттеміз,- дейді ауыл шаруашылығы бөлімінің маманы Ғалиасқар Мендалиев.

C7617F8A-1919-4351-A0D5-1D2766AD844A

Бір апта ішінде екі тоннадан астам шөп шауып үлгерген шаруалар көктің әр гектарынан бес центнер өнім алып жатқандығын айтады. Барлығы ойдағыдай болса, науқан соңында көзделген мөлшердегі шөп жиналмақшы.

Түгелбай Бисен,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале