23.11.2021, 15:25
Оқылды: 71

Шеберлік сағатын өткізді

Теректі аудандық жастар ресурстық орталығында  «Жас маман», «Жастарға кеңес» атты жобалар қолға алынған еді. Қазіргі уақытта жүзеге асқан бағдарламаның аясында ауылдық округтердегі жұмыссыз отырған жастардың үйіне барып немесе  жәрмеңкелерге шақырып түрлі кеңес береді. Облыс көлемінде де бос жұмыс орындар жәрмеңкесін өткізіп, жұмыссыз жүрген жастарды ауылға тартады. Екі ай сайын іске асатын бұл жоба жастарға мол мүмкіндік сыйлайды.

WhatsApp Image 2021-11-23 at 15.24.07 (4)

Сондай жоспарлы шараларының бірі — Ақсуат, Ақсоғым және Богданов ауылдық округінде  ұйымдастырылды.

WhatsApp Image 2021-11-23 at 15.24.07 (1)

Ресурстық орталықтың он саусағынан өнер тамған шебер маманы А.Мерғалиева ауылдағы жұмыссыз қыз-келіншектерге құрақ құраудан, Б.Гизатова тоқыма тоқу өнерінен шеберлік сағаттарын өткізді.  Шеберлердің сағатына қатысқан онға жуық нәзік жандылар құрақ құрау мен тоқу түрлерінің қыр-сырын үйренді.

Балнұр Қуанышқызы,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале