19.05.2021, 23:20
Оқылды: 71

Шегірткелер "шеруіне" тосқауыл қою маңызды

Теректіде аудан аумағындағы 2021 жылы аса қауіпті зиянды ағзалар мен ауруларға, үйірлі және үйірсіз шегірткелерге қарсы жүргізетін фитосанитариялық іс-шаралар жөніндегі штаб отырысы өтті. Жиынға Теректі ауданы әкімі Арман Өтеғұлов төрағалық етті.

20210519_231458

Аудан әкімінен бөлек штаб отырысына БҚО аумақтық инспекциясының басшысы Лавр Хайретдинов, «Республикалық фитосанитариялық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» РММ БҚО филиалының басшысы Алтай Алдабергенов және онлайн форматта бөлім басшылары мен округ әкімдері қатысты.

Жиын барысында Теректі ауданы аумағында зиянды шегірткелерге қарсы жүргізілетін  іс-шараларды ұйымдастыру туралы аудандық аумақтық инспекция басшысы Қамидулла Дүйсеналиев баяндама жасады. Оның айтуынша, ұшып-қонып жүрген зиянкестердің орнын анықтау оңай жұмыс емес. Шегірткелер шабындықтар мен жайылымдарға едәуір зиянын тигізіп отыр. Бүгінгі таңда «Республикалық фитосанитариялық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы»РММ Теректі аудандық филиалының зерттеу жұмыстары нәтижесінде аудан бойынша 9,6 мың га жерге химиялық өңдеу жүргізілмек.

шег1

Италиялық прус шегірткесіне арналған мониторингтік жұмыс барысы туралы Республикалық фитосанитариялық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» РММ Теректі аудандық филиалы басшысының міндетін атқарушы Артур Ажимов сөз алды.

Штаб отырысы жұмысын аудан әкімі Арман Өтеғұлов қорытындылады.

шег4

- Аса қауіпті зиянды үйірлі шегірткелерге қарсы химиялық өңдеу жүргізілген уақыттан бастап аяқталғанша өсімдіктерді қорғау туралы Заңдар аясында өзімізге жүктелген жұмыстарды мұқият орындауымыз керек. Жалпы, тұрғындар өсімдіктер ұшырайтын аурулар, шегірткелер, не болмаса басқа да зиянды ағзалардың өсімдіктерге деген қаупін ұғына бермейді. Қожалықтар жерді алған соң оны пайдаланбастан бұрын химиялық өңдеуге ден қою керек. Осы шараларға селсоқ қарауымыз себепті айлар бойы жасаған жұмысымызды шегірткелер құртып кетіп жатады. Сондықтан, аталмыш мәселе біріге жұмыстануды талап етеді, - деді Арман Кәрімұлы.

Әділет Әлібекұлы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале