19.08.2021, 10:36
Оқылды: 77

Шекара қауіпсіздігі – ел қауіпсіздігі

Бөкей ордасы ауданы әкімдігі жанындағы шекаралық мәселелер жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.

 шекара1

Жоспардан тыс өткен жиынға ҚР ҰҚК Шекара қызметінің БҚО Жәнібек ауданы басқармасы бастығының уақытша міндетін атқарушы, подполковник Қуанышбек Нүсіп, Сайқын шекара бөлімшесінің бастығы, майор Сауран Дүйсебеков, Орда шекара бөлімшесі бастығының орынбасары, майор Құдайберген Бейсенов және жергілік атқарушы билік өкілдері қатысты.

Аудан әкімі, кеңес төрағасы Нұрлыбек Даумовтың төрағалығымен өткен жиында шекара қауіпсіздігі, шекара маңындағы өрттің алдын алу, шекара маңындағы бағымсыз мал, жабайы хайуандар жайылымы, шекарашы қызметкерлерінің тапшылығы сияқты күрделі мәселелер қаралды.

шекара2

ҚР ҰҚК Шекара қызметінің БҚО Жәнібек ауданы басқармасы бастығының у.м.а, подполковник Қуанышбек Нүсіп: «Шекара бұзу, заңсыз көші-қонға қатысты қылмыс саны өткен жылға қарағанда 27%-ға қысқарған. Ирандық, дағыстандықтардың біздің шекараны төңіректеп жүргені рас. Шекара бұзған адамның бәрі қазақстандық шекарадан өтіп, Ресейге барып ұсталған. Бұл дабыл қағарлық көрсеткіш. Дегенмен шекара бұзу қылмысының үлкен-кішісі болмайды. Шекара қауіпсіздігі – ел қауіпсіздігі екенін естен шығармауымыз керек», - деді өз сөзінде

Шекарашылар қатарын толықтыру да күн тәртібінде екен. Шекарашы боп ел тыныштығын күзетемін дегендерге жақсы жалақы, баспана мен әлеуметтік пакеттер ұсынылған. Ауыл жастарын шекара қызметіне тарту мәселесі де қозғалды. Тиісті сала басшыларына осы мәселе бойынша тиісті шараларды ұйымдастыру тапсырылды.

Ұлпан Әнуарқызы,

Бөкей ордасы ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале