22.10.2022, 14:31
Оқылды: 29

Шекараның символы іспеттес

Бүгін Республика күніне орай және «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Казталов ауданы Болашақ ауылының кіре берісінде қақпа орнатылды. Ресеймен шекарада орналасқан ауылдағы қақпаның ашылуына мұрындық болған – А.Байтұрсынов атындағы мектепті әр жылы бітірген түлектер.

10

Туған жеріне деген сүйіспеншіліктерін осындай игі іспен білдірген азаматтар көпке үлгі. Нысанның ашылу салтанатына қатысқан Казталов ауданы әкімінің орынбасары Қадер Нұрғалиев, аудандық мәслихат хатшысы Сәрсенбай Молдашев, округ әкімі Аманжол Қажығалиев жиналған көпшілікті құттықтап, мектеп түлектеріне аудан әкімінің алғысхатын табыс етті.

8

Сәні мен салтанаты келіскен қақпаның лентасын Казталов ауданы әкімінің орынбасары Қадер Нұрғалиев, Болашақ ауылдық округі ардагерлер кеңесінің төрағасы Жұма Иманғалиев, батагөй ақсақал Есмағұл Мусин кесті.

9

Ресеймен, Тасқала ауданымен шекаралас Болашақ ауылдық округіне ерекше ажар беріп тұрған қақпа ауданымыздың солтүстік-батысындағы шекарадағы символы іспеттес.

Қайрат Жақып,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале