19.08.2023, 23:06
Оқылды: 33

Шекарашылар күнін атап өтті

Ел іргесін күзеткен шекарашыларға құрмет толастамақ емес. Олар бір күн ғана емес әрдайым қолдау мен демеуге лайық жандар. Қаз дауысты Қазбек бидің "Жердің шетін жау баспасын деп найзаға үкі таққан елміз" деген сөзінде асқан мән бар. Сол айбынды елдің шекарашылары үкіліген үмітті абыроймен ақтап келеді.

FB_IMG_1692420291282

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев та шекара аумағындағы аудандарға айрықша көңіл бөлу керегін дәл айтқан. Мерейлі мерекеге орай аудан саябағында салтанатты жиын өтті. Аудан әкімінің орынбасары Жақсылық Абдолов ізгі тілегін айтып, ел тыныштығы үшін аянбай тер төгіп жүрген шекарашыларға алғыс хат ұсынды. Олардың қатарында Мерей Несіпбаев, Айжарық Тұңғатаров, Серік Тоғызбаев пен Зульфия Елемесова болды. Айтулы шараға Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік комитеті шекара қызметі БҚО бойынша департаментінің аудандық шекара басқармасы басшысының бірінші орынбасары штаб бастығы, полковник Дидар Хамитов қатысып, мерекемен құттықтады. Сонымен қатар мерекеге байланысты ұйымдастырылған күштік құрылымдар арасында өткен шағын футболға қатысқан топтарды марапаттады.

FB_IMG_1692420331956

Нәтижесінде жүлделі 3-орынға аудандық шекаралық бақылау бөлімшесінің командасы місе тұтса, 2-орынды құтқарушылар командасы еншілеп, жүлделі 1-орынға шекара басқармасы командасы қол жеткізді. Ойында әдемі ойын өрнегін көрсеткен қызметкерлер де тыс қалмай, "Үздік ойыншы" аталымына Роман Жанұзақ, "Үздік қорғаушы" аталымына Мерей Қарағойшин, "Үздік қақпашы" аталымына Шапағат Орынғалиев ие болды. Олар бұл жиында шекарашылар тек ел шебін күзетіп қана қоймай, бойына өнер жиған жандар екенін дәлелдеді. Сондай дарынды шекарашы Ержан Ғизатолла "Ерлік, міндет, абырой", "Біз шекарашы" әнін әуелетіп шырқады. Сегіз қырлы, бір сырлы жауапты мамандық иелері қызметтік итпен айлакерлерді құрықтау кезінен көрініс көрсетті. Әрмен қарай, қошемет толастамаған шара Күйгенкөл ауылы ұсынған кезекті концерттік бағдарламамен жалғасын тапты. Күй әуелеп, жыр самғап, бимен өрнектелген кешке халық көп жиналды. Көп адам ішінен немересін шақ тапқан әжей соның айқын дәлелі болды.

FB_IMG_1692420296295

 

Әлібек Қаржау

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале