15.03.2026, 14:35
Оқылды: 58

Шекарашылар - саяси науқанның алдыңғы шебінде

Референдумда шекара шебінде қызмет етіп жүрген сарбаздар да белсенділік танытты. Атап айтқанда, «Махамбет» шекара заставасының жеке құрамы Бейбітшілік ауылында орналасқан №215 референдум учаскесіне келіп, өз таңдауларын жасады.
image-15-03-26-11-54
Отан алдындағы борышын өтеп жүрген сарбаздар үшін бұл күннің маңызы зор. Шекарашылардың айтуынша, ел болашағы үшін дауыс беру — әрбір азаматтың, әсіресе ел шебінде тұрған қорғаушылардың тікелей міндеті.
«Біз үшін елдің тыныштығы мен қауіпсіздігі ең басты орында. Бүгін шекара шебінде жүрсек те, азаматтық құқығымызды пайдаланып, өз таңдауымызды жасауға келдік. Әрбір дауыс — мемлекетіміздің тұрақтылығы мен дамуына қосылған үлес,» — дейді шекарашылар.
Г.Баделова,
Бәйтерек ауданы
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале