11.12.2021, 12:41
Оқылды: 50

Шекарашылар жеңімпаз

Бәйтерек ауданы Дариян ауылында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған шағын футбол жарысы өтті. Приурал аудандық ішкі істер бөлімі және ауыл жастарының ұйытқы болуымен ұйымдастырылған турнирге ауылдағы мекеме және ұйым командалары қатысты.   

smart

- Аталмыш турнир ұлы мереке ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналып отыр. Бүгінде елімізде бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытында жүзеге асқан жұмыстарда аға буынның үлесі көп. Енді спортшылар да ұлы күнге өз үлесін қосуда. Өздеріңіздей қоғамда белсенді жандар әрдайым жастарға үлгі-өнеге. Жарыс жолына шыққан командаларға жетістік, жеңіс тілеймін,- деді бәсекенің ашылу салтанатына келген Дариян ауылдық округінің әкімі Тілек Кәкенов.

smart

Кейін Приурал ішкі істер бөлімінің бастығы, подполковник Арман Бәйтенов, «Орал» шекара бөлімшесінің басшысы аға лейтенант Мерей Тұрсын та спортшыларға ақжарма тілеген арнады.

smart

Жарыс барысында жұмыста ғана емес, спортта да белсенділік танытып, салауаттылық жолын дәріптеп жүрген жастар арасында мықты аяқдопшылар бар екенін де көрдік.

smart

Ойындар нәтижесінде «Орал» шекара бөлімшесінің командасы жеңімпаз атанса,  екінші орын мәдениет, үшінші орын ішкі істер бөлімінің  қызметкерлеріне бұйырды.

WhatsApp Image 2021-12-11 at 12.14.51

 

Сондай-ақ жарыс барысында жақсы ойын үлгісін көрсеткен Дәурен Самат «Үздік қорғаушы», Әли Сағадат «Үздік шабуылшы», Темірлан Тоқсамбаев «Үздік ойыншы», Дастан Мырзағалиев «Үздік қақпашы» номинациясымен марапатталды.

Гүлжан Аязбаева,

Бәйтерек ауданы,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале