24.08.2021, 10:48
Оқылды: 24

Щаповтықтар екі тонна қоқыс шығарды

Бәйтерек аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Бір мақсат – бір уақыт» акциясы аясындағы тазалық жұмыстары Щапов ауылдық округінде жалғасын тапты. 

Щапов1

Акцияға ауыл тұрғындары, ерікті жастар мен мекеме қызметкерлері қатысып, ауыл маңайындағы өзен жағалаулын толығымен тазартып, қалдық қоқыстарды арнайы орынға шығарған.

Ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы Жәдігер Қанатұлының айтуынша, ауыл маңайындағы су қоймаларының аумағын тазарту барысында 2 тонна қоқыс шығарылған.

Щапов

- Акция аудандағы өзен-көлдердің маңайын қоқыс-қалдықтардан тазарту мақсатында оздырылған акция ауыл жастары арасында қолдау тапты. Бұндай шаралар өлкеміздің экологиялық жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді. Атқарылып жатырған жұмыстар өзгелерге үлгі болып, жалғасын табады деген ниеттемін, - дейді Жәдігер Қанатұлы.

 

Аружан Аманжол,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале