20.05.2021, 10:25
Оқылды: 59

Шоқтығы биік Шакуовтар әулеті

Мақаланы бастамас бұрын өткенге сәл шегініс жасайық. Казталов ауылының күншығыс жақ бетінде үлкен қауым бар. Бұл қауым «Шаку зираты» деп аталады. Елді имандылыққа, бірлікке, діни жоралғыларға үйретуге ықпал еткен Шаку иман деген халыққа өте сыйлы адам болыпты. Міне, бүгінгі мақаламыздың кейіпкері Шакуовтар әулеті – осы ұлағатты иманнан тараған ұрпақ.

1E946D3D-0DCD-4F29-8C02-DDBADD4E66EA

Қазіргі таңда Шаку атамыздың өнегелі тәрбиесін бойына сіңірген Шакуовтар бірлігі жарасып, тату-тәтті өмір сүруде. Тамырын тереңге жайып, алып бәйтерекке айналған марқұм Ғабдылхан аға мен Роза апаның қара шаңырағынан өсіп-өнген жеті баладан тараған ұрпақ үлкен бір әулетті құрайды. Әулет болғанда қандай?! Өрісі кеңге жайылған өнегелі әулет.

E5D8FF28-FF51-4F0B-A5B4-FF71BD756BF7

 Жеті ұл, 17 немере, 20 шөбере. Шаңырағының бәйтерегі бола білген асқар таудай әке Ғабдылхан аға қандай қызметті де асқан жауапкершілікпен атқарып, кемелдік пен кішіліктің шыңында тұрды. Қиындығы мен қызығы қатар жүрген әкенің өмір жолы балалары үшін бір өмір мектебі тәріздес. Тамырын тереңге жіберіп, жапырағын кеңге жайған мәуелі бәйтеректің саясында бала-келіндері, немерелері бақытты ғұмыр кешуде. Бұл отбасы ұлттық дәстүрді, қазақы тәрбиені бойға сіңірулерімен ардақты. Шырайы келісіп, шат күлкіге толған шаңырақтан сыйластығына сызат түспеген ағайынның ауызбірлігін біз де байқадық. Әсіресе әулет келіндерінің ас үйдегі тірлігі көз тойдырады. Берекелі отбасы ақылы теңіздей әкеден, мейірімі мол асыл анадан, тәлім мен тәрбиені сіңірген баладан тұрса керек-ті. Шакуовтар әулетінің өнегесі – бүгінгінің отбасыларына үлкен жол.

 Ғабдылхан аға мен Роза ападан тараған ұрпақ бір-бір үйдің тірегіне айналып, ұлдары мен немерелері сан салада еңбек етіп, ел алғысына бөленіп келеді. Қай қызметте де Шакуовтардың қолтаңбасы, дара жолы жатыр. Мәселен, үйдің үлкені Қайраты қаржы саласында, Жомарты ішкі істер саласында қызмет атқарса, Самат – аграном, Бақытжаны мен Айдары – жеке қожалық жетекшісі. Ал Жүсіп Шакуовті ұзақ жылдан бері ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына өзіндік үлес қосып келе жатқан азамат ретінде жақсы білеміз. Отбасының мызғымас бірлігі мен тату-тәтті тірлігі де ағайындар арасындағы сыйластықтың арқасында екенін аңғарғандаймыз. – Марқұм ата-анамыз әркез бір-бірімізге қамқор болуды мықтап ұғындыратын. Бізге өмірден көргендерін, көңілге түйгендерін айтудан жалықпады. Еңбекқор етіп тәрбиеледі. Аллаға шүкір, сол үлкендердің салып кеткен дара жолымен жүріп келеміз, – дейді Жүсіп Ғабдылханұлы.

 Қара шаңырақтан құт-берекені қашыртпай отырған Жүсіп ағаны үлкені де, кішісі де сыйлайды, құрметтейді. Ағалы-інілі бауырлардың сыйластығы өз алдына, әулет келіндері тәрбиелерінің арқасында бір үйдің қыздарындай. Дастархандары астан арылмайтын келіндердің үйдің берекесін келтіріп отырғанын аңғаруға болады. Әулет келіндері үйдің түтінін түтетіп, татулықпен шаңырақты биіктете түсуді үлкен жауапкершілік санайды. «Ағайын тату болса ат көп, абысын тату болса ас көп» деген нақыл сөз осы әулетке арнап айтылғандай. Алты баладан тараған жас ұрпақ білімге ұмтылып, күн санап дамып, жасампаз еңбегімен қоғамымызға кірпіш болып қалануда. Атап айтар болсақ, Шыңғыс 2010 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде қаржы мамандығын тәмамдап, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінде вице министрдің көмекшісі болып қызмет атқарған. Қазіргі күнде Нұр-Сұлтан қаласында «PTC Holding» ЖШС-нің ішкі бақылау жөніндегі директоры. Әлихан – Алматы қаласында жеке компания директоры, Абылайхан – жеке кәсіпкер, Казталов аудандық мәслихаты депутаты. Біз білетін Абылай ұлт мүддесі жолында да, саяси істерде де белсенділік танытып, азаматтық келбетін көрсетіп жүрген жігерлі жас. Барлығының мақсаты адал еңбек етіп, ел айта жүрерліктей ғибратты іс қалдыруда болса керек. Ауызбірлігі жарасқан әулеттің бірсыпырасын ғана тілге тиек еттік. Әулетінде береке мен бірліктің лебі, саналы да салиқалы ұрпағы бар Шакуовтар шаңырағының шоқтығы қашан да биіктей түспек.

 Жұлдыз Асқар,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале