6.11.2020, 20:28
Оқылды: 56

Штаб отырысы өтті

Бөкей ордасы ауданы аумағында сайлауды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі штаб отырысы өтті.

49022C07-2003-4865-B438-CDFE924BADDB

Штаб төрайымы, аудан әкімінің орынбасары Лариса Қайырғалиеваның жетекшілігімен өткен шарада сайлауды ұйымдастырудың іс-шара жоспары бекітіліп, жауапты тұлғаларға тапсырмалар берілді.

Осы шарада барлық округтер бойынша сайлаушылар тізімін жасақтау, автоматтандырылған сайлау жүйесі базасының сапалы жасақталуын қамтамасыз ету, сайлау учаскелерінің санитарлық нормаларды сақтауын, қауіпсіздігін қамтамасыз ету жайы айтылды.

Аудан әкімдігінің аппарат басшысы Ержан Айтқалиев баяндама жасап, саяси маңызды науқанды өткізуге дайындық барысын пысықтады.

– Жеке куәліктері жоқ немесе қолдану мерзімі өтіп кеткен тұлғаларды заң шеңберінде құжаттандыру жұмысын жүзеге асыру да уақыт күттірмейтін шара. Аудан бойынша 161 азаматтың жеке куәлігінің мерзімі өтіп кеткені немесе жоғалтып алып, қайта ресімделмегені белгілі. Оған күні кешегі пандемия кезіндегі қатаң карантиндік шектеулер де себеп болды. қолымызда бар есеп бойынша елуден астам азаматымыз жеке құжаттарын реттеуге кіріскені белгілі боп отыр. Осы жайтты мәлімдей отырып, жеке бас құжатына қатысты проблемасы бар азаматтарымызға заң шеңберінде қолдау көрсетуіңізді сұраймын,- деді аппарат басшысы Ержан Айтқалиев.

Ұлпан Әнуарқызы,

Бөкей ордасы ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале