11.12.2020, 20:27
Оқылды: 83

Штаб жиыны өтті

Бәрімізге мәлім, 10 желтоқсан күні 18.00-де сайлау науқанының үгіт-насихат кезеңі басталған болатын. Осыған орай бүгін "Nur Otan" партиясының Шыңғырлау аудандық филиалында аймақтық сайлауалды штабының алғашқы отырысы өтті.

4DD08A69-F3FA-4CB0-9758-2AD3D2BE10C0

Отырысты ашқан партия филиалының бірінші орынбасары Светлана Байтенова филиалдың ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық мәселелері шешіліп, белсенділер мен сенімді тұлғалар топтары дайындалғанын хабарлады. Облыстық сайлау комиссиясына аудандық партиядан кандидаттар тізімі тіркелген. Оның ішінде праймериз жеңімпаздары және партия филиалының квотасы бойынша үміткерлер тіркеліп отыр.

Партия басшылығының тапсырмасы бойынша құрылған аумақтық сайлауалды штабы 15 адамнан тұрады. Штаб құрамына енгендер-мәдениет, білім, ғылым, азаматтық сектор, бизнес өкілдері.

Штабтың 6 мүшесі сайлау науқандарын өткізу тәжірибесіне ие екендігін тілге тиек еткен Светлана Ешматқызы сайлау науқанындағы "Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!"-атты партияның басты ұранын басшылыққа алатын әрбір партия мүшесі жауапты кезеңде өз бірлігін көрсетіп, ортақ мақсаттар мен мұраттар жолында еңбек ететініне сенім білдірді.

Басқосу барысында аудандық ақсақалдар алқасының төрағасы Сабырғали Самиев барлық штаб мүшелеріне сәттілік тіледі.

Гүлшат Ибрагимқызы,

Шыңғырлау ауданы

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале