7.10.2021, 18:14
Оқылды: 97

Шығармашылық фестивалі өтті

Бүгін Шыңғырлау аудандық мәдениет үйінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында мүмкіндігі шектеулі жандар арасындағы аудандық шығармашылық фестивалі оздырылды. Аудан көлеміндегі мүмкіндігі шектеулі жандардың шығармашылық өнері арқылы әлеуметтік сауықтыру, сонымен қатар олардың қатарынан дарын иелерін қоғам өміріне араластыру мақсатында ұйымдастырылған шара ән айту, қолөнер туындысын көрсету, көркемсөз оқу және музыкалық аспапта ойнау секілді 4 кезеңді қамтыды.

079EB045-6233-4655-96A5-CFE8D02FF68A

Аудан бойынша округтерден келген қатысушылар өз өнерлерін көрермендерге паш етіп, тамаша өнер көрсете білді. Нәтижесінде  «Эстрадалық вокал» және «Көркем сөз» номинациясы бойынша шыңғырлаулық Жұлдыз Кабиева жүлделі І орын иеленсе,  «Үздік жасампаз» номинациясы бойынша Ақбұлақ ауылдық округінен келген Клара Жарылқасова  Орал қаласында өтетін облыстық фестивальге жолдама алды.

021E572B-52B6-4C7E-B973-E338D78FBF07

Фестиваль балалар және жасөспірімдер спорт мектебінде ұйымдастырылған спорттық жарысқа ұласты.

 Аман Ізмұхан,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

 

 

                                                                   

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале