Бәйтерек ауданы: Озерныйға жаңа мектеп қашан салынады?
3 Маусым 2023

Бәйтерек ауданы: Озерныйға жаңа мектеп қашан салынады?

Балаларға мереке сыйлады
3 Маусым 2023

Балаларға мереке сыйлады

Оралда VI халықаралық экологиялық форум өтті
3 Маусым 2023

Оралда VI халықаралық экологиялық форум өтті

Желбіре, көк байрағым!
2 Маусым 2023

Желбіре, көк байрағым!

Талдықұдықтықтар челлендж бастады
2 Маусым 2023

Талдықұдықтықтар челлендж бастады

Казталов ауданы: 30 кітап оқыған оқушыға 300 мың теңге беріледі
2 Маусым 2023

Казталов ауданы: 30 кітап оқыған оқушыға 300 мың теңге беріледі

Шыңғырлау ауданданында төтенше жағдай жарияланды

Наурыз айы басталысымен қар еріп, арасында жаңбыр жауып, көктемнің «иісі» мұрнымызға тез жетті. Еріген су  арнасын таба алмай, үй, қораға су кіріп кету қаупі төнді. Наурыз айынының 10-нан бастап аудандағы барлық дерлік қызметкерлер мен техникалар жұмылдырып, су тасқынының алдын алу жұмысы күндіз де, түнде де тоқтаған емес. Дегенмен, тілсіз жау бой беретін емес. Сондықтан Шыңғырлау ауданында «Төтенше жағдай» жарияланды.

WhatsApp Image 2023-03-13 at 16.37.30

Осы орайда аудан әкімі Әлия Мұханбетжанованың төрағалығымен аудандық төтенше жағдайлар жедел штабының отырысы өтті.

Жиында аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау майоры Б.Катчеков:

- Бүгінгі таңда Ақтау ауылы мен Алмаз ауылына көлік қатынасы уақытша тоқтатылды. Себебі 10-12 наурыз күндері қардың қарқынды еруі нәтижесінде Шыңғырлау-Ақшат-Сегізсай, Шыңғырлау-Алмаз, Шыңғырлау-Ардақ-Ақтау аудандық автожолдардың бойында 4 жерде су тасқыны орын алды. Алмаз ауылының жанынан өтіп жатқан Қуағаш өзені тасып, ауылға кіреберіс жолды су шайып кетті. Су тасқынының   салдарынан Шыңғырлау-Алмаз автожолының 9-шы шақырымында жоғарыда аталған жағдай орын алды. Сонымен қатар Шыңғырлау-Ардақ-Ақтау автожолының 60 шақырымында, ауылдың кіре берісіндегі негізгі жолдағы Шыңғырлау өзені арқылы өтетін су бөгеттің арнасына сыймай, жолды басты. Көтерілген су жолдың үстіне 25 см көтеріліп, ені 55 метрге жетті. Қазіргі таңда елді мекенге су тасқынынан келер қауіп жоқ. Жол қозғалысы уақытша тоқтатылды, - деді.

WhatsApp Image 2023-03-13 at 15.28.21

Аудан басшысы ZOOM платформасы арқылы әр ауылдық округ әкімдерімен сөйлесіп, өңір бойынша ахуалды анықтады. Барлық ауылдық округте тасқын су тасқынының алдын алуға бағытталған кезекшілік ұйымдастырылып, жағдайдың бақылауда екендігі айтылды. Дегенмен округ әкімдері қажетті құмға толы қапшықтарын дайындап, су арналарын қазып қойғанымен, ертеңгі күнде мұз қозғалғанда қауіп қайта төнетінін жеткізді.

WhatsApp Image 2023-03-13 at 15.28.25

Ауданда тиісті құзырлы органдармен қатар, жұмысына мүлде қатысы жоқ қызметкерлердің таңнан кешке дейін, тіпті түнде де су тасқынының алдын алу жұмысына атсалысқандарын көрдік. Нәтижесінде үй маңынан, көшелерден 10-13 наурыз күндері жедел штабқа 100-ге жуық қоңырау түсіп, 4700 текше метр шамасында су шығарылды. Мыңдаған қап құмға толтырылып, қауіп төндірген жерлерге жеткізілді.

Аман Ізмұхан,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале