9.05.2024, 17:07
Оқылды: 48

Шыңғырлау ауданы: батырлар рухына тағзым етілді

Бүгін Шыңғырлау ауданында 9 мамыр – Ұлы Жеңістің 79 жылдығына арналған мерекелік шеру өтті. Салтанатты шараға қатысқан ауданның құрметті ардагерлері, тыл еңбеккерлері, аудан тұрғындары ерлікпен қаза тапқан жауынгерлерді үнсіздікпен еске алып, рухына тағзым етті.

441514867_1863571904054569_528747258671950361_n

Ауданның құрметті азаматы, «Ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Сабырғали Сәмиев сөз сөйлеп, жерлестерін мерекемен құттықтады. Кейін “Даңқ” ескерткішіне гүл шоқтары қойылып, батырлар рухы ұлықталды.

441727921_1863572654054494_7670121492255466914_n

Шыңғырлау ауданының барлық мекеме, бөлімдерімен қатар ауыл тұрғындары да ескерткіш жанына жиналып, гүл шоқтары арқылы өз құрметтерін көрсетіп жатты.

441874577_1863580027387090_3362841474855960778_n

Шеру мерекелік концертке жалғасып, шыңғырлаулықтар "Жеңіс" деп қосыла шырқады.

440328288_1863579390720487_2948531311935355941_n

440102988_1863579624053797_6773672851655804858_n

Гүлжазира Асу,

Шыңғырлау ауданы

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале