7.03.2024, 0:26
Оқылды: 32

Шыңғырлау ауданы: музейде өткен әдемі шара

Бүгін Шыңғырлау аудандық тарихи-өлкетану музейінде ауданның қоғамдық өміріне белсене араласып жүрген мекеме қызметкерлері, кәсіпкерлер, жалпы әр түрлі саланың әйелдер қауымына арналып салтанатты шара ұйымдастырылды.

429865086_1825361361208957_3680210706664464830_n

Мұражайдың әр бөлмесінде шараның әр түрлі бөлімдері өткізілді. Біріншісінде нәзік жандылар қосылып ән шырқаса, екінші бөлімде бастарынан өткен қызықты оқиғаларын, аналары жайында, өздері үлгі ететін әйелдер жайында естелік әңгімелерін айтып шықты. Шараның үшінші бөлімінде ханымдар би билеп, кештің сәнін қыздырса, төртінші бөлімде шағын мерекелік бағдарлама ұйымдастырылды. Аудан әкімі Мұрат Өмірәлиев кеш қонақтарын мерекелерімен құттықтап, алғысхаттарын табыс етті.

429868280_1825361454542281_3673092607586907288_n

Облыстық тарихи-өлкетану музейі директорының орынбасары Ажар Берікқалиева шараның қонағы болды. Ол облыстық музей директорының алғысхаттарымен әйелдерді марапаттады.

430795374_1825361584542268_4793841668627917904_n

Аудандық музей қызметкерлері өнерлерін паш етіп, кеш қонақтарына мерекелік көңіл күй сыйлады. Келесі бөлімде шағын мерекелік дастархан басында нәзік жандылар қауымы бас қосты. Шуақты мереке қарсаңында өткізілген әдемі шара болды.

Гүлжазира Асу,

Шыңғырлау ауданы

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале