3.03.2024, 10:08
Оқылды: 18

Шыңғырлау ауданы: сайлау бойынша тұрғындардың ойы қандай?

Шыңғырлау ауылдық округі әкімінің сайлауына халық белсенді қатысып, округ басшысы қызметіне лайық деп санаған кандидаттарына өз дауыстарын беруде.

6

 №425 сайлау учаскесінде тіркелген аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөліміне қарасты Шыңғырлау спорт клубының қызметкері Санат Саматов өз дауысын ең бірінші болып берді.

"Аудан игілігі үшін әрбір азамат қоғамдық маңызды жұмыстарда белсенділік танытып, атсалысу қажет. Әсіресе сайлауға қатысып, таңдау жасау - өте маңызды. Бүгін ауылымызды көркейтіп, дамыту үшін басшы қызметіне лайық деп таныған үміткерге өз дауысымды бердім. Жерлестеріміз бен бірге бір адамдай атсалысып, лайықты әкімді таңдаймыз деген үміттемін!",- дейді ол.

- Сайлау еліміздің, ауданымыз бен ауылымыздың басшылық тізгінін ұстайтын лайықты жанды таңдауды халықтың иелігіне беріп, өз дауысыңды беруге мүмкіндік сыйлайтын тамаша үрдіс. Мен де өз елімнің патриоты ретінде алғашқылардың қатарында болып, Шыңғырлау ауылдық округінің әкіміне лайық деп тапқан үміткеріме дауыс бердім,- дейді ауыл тұрғыны Әмірхан Жұбаниязов. Ол №423 сайлау учаскесіне ең бірінші болып келіп, таңдауын жасаған.

Гүлжазира Асу,

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале