27.11.2020, 11:41
Оқылды: 94

Шыңғырлау ауданы су қоймаларында рейд жүргізілді

Шыңғырлау ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері және аудандық №23 өрт сөндіру бекеті қызметкерімен бірлесіп, ауданның өзен-көлдерінде  қауіпсіздік шаралары бойынша рейд ұйымдастырылды.

мұз

Күздің соңғы, қыстың алғашқы айларында өзен-көлдерде, бөгеттерде мұз қату мезгілі басталады. Қысты сарыла күткен көптеген адамдар қауіпсіздік ережелерін сақтауды ұмытады. Алғашқы мұз көзге берік көрінгенмен, іс жүзінде тым жұқа және өмірге қауіп төндіреді.

Адамдар кейде қауіпсіздік ережелерін бұза отырып, өмірлерін қауіп қатерге тігеді. Қазіргі танда жеткілікті деңгейде мұздың қату қалыңдығы пайда бола қойған жоқ. Күзгі мұз қараша айынан желтоқсан айына дейін, яғни тұрақты аязға дейін мықты емес. Кешкі немесе түнгі суықпен бекітілген, ол әлі де аз жүктемеге төтеп бере алмайды,  күндізгі мезгілде шуақтан тез қызып, жеткілікті қалыңдығын сақтай алмай өте әлсіз болады.

Алайда жыл сайын көп адамдар сақтық шараларына назар аудармайды. ТЖ бөлімі қызметкерлері мұз асты балық аулаушылардың қауіпсіздік ережелерін сақтамағандықтарына назар аударып, осы бұзушылықтардың салдары қандай болатынын түсіндірді.

Шыңғырлау ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі жұқа мұздан сақтану үшін Шыңғырлау ауданының жұртшылығына және де мұз асты балық аулаушылардың естеріне салады:

  • Мұздың беріктігін көзбен анықтауға болады: мұз көк түсті болса яғни берік, ақ түсті болса, оның беріктігі 2 есе аз, сұр, күңгірт-ақ немесе сарғыш реңді мұз сенімсіз.
  • Адам үшін қауіпсіз мұздың қалыңдығы тұщы суда 10 сантиметрден кем емес және тұзды суда 15 сантиметрден кем емес болып саналады.
  • Жеңіл автокөліктермен өту үшін мұздың қалыңдығы 20-30 сантиметр, ал басқа көоіктерде 30-38 аралығында болуы керек.
  • Ауыр жүк көліктерімен өту үшін мұздың қалыңдығы 60 сантиметрден жоғары болуы керек.

Ережелер қарапайым және оларды сақтау қиын емес, бірақ өкініштісі кейде оларды сақтамау салдарынан қайғылы оқиғалар орын алып жатады. «Сақтансаң, сақтармын» деген нақыл сөзді әрдайым естен шығармайық.

Ж.Дулатов,

Шыңғырлау ауданының ТЖБ аға инженері,

азаматтық қорғау аға лейтенанты 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале