10.03.2024, 17:30
Оқылды: 26

Шыңғырлау ауданы: ұлағатты ұстаздармен жүздесті

Шыңғырлау ауданына келген Ардақ Назаров пен Бейбіт Құттықожаұлы ауылдық «Дән» мәдениет үйінде ұстаздармен жүздесті.

WhatsApp Image 2024-03-09 at 17.52.49

Білім беру саласы қызметкерлерінің еңбегінің адам өміріндегі, ұрпақ тәрбиелеудегі маңыздылығын атап өтіп, ұстаздық қызметтің ұлылығын жеткізді. Білім берудің қай саласында болмасын бір бағытты ұстанбай, өскелең ұрпақты жан-жақты тәрбиелеп, отансүйгіш, адал, еңбекқор болуға баулыса, ел болашағы жарқын болады деген насихат сөздерін айтты. Нағыз азамат, азаматшаларды тәрбиелеу ұстаздардың қолында болғандықтан, осы тақырыпта әңгіме өрбіген өте ұтымды кездесу болды.

WhatsApp Image 2024-03-09 at 17.52.51

Жиынға қатысқан ұлағатты ұстаздарды «Мен ұстазбын. Мен ұлы мамандықтың иесімін. Мен бүгін ұлтымыздың ұлы тұлғасын тәрбиелеуге келдім. Шәкірттерімнің болашағы мен үшін өте маңызды. Мен өз салам арқылы елімнің өркендеуіне үлес қосуыма мүмкіндік бергеніне шүкіршілік етемін. Менің екі қаруым - уайым мен мейірім. Алдымда отырған әрбір бала - менің аманатым. Олардың тап-таза жанына үңіле отырып, берекелі іске кірісуге бел будым. Бұл ісімнің шынайы әрі нәтижелі болуын тілеймін,» - деген ұстаныммен алға қарай ұмтылып, адал, абыройлы қызмет қылуға шақырды Ардақ Құттықожаұлы.

WhatsApp Image 2024-03-09 at 17.52.50 (2)

Гүлжазира Асу,

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале