19.03.2023, 17:50
Оқылды: 10

Шыңғырлау ауданында 102 жасар кейуана өз таңдауын жасады

Шыңғырлау ауданында Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауы өте қарқынды өтіп жатыр.

InShot_20230319_174324898

Таңғы 7-де басталған сайлауға адамдар көптеп келді. Енді міне түс ауа комиссия мүшелері ауылымыздың егде тұрғындарын аралап, дауыс беруге мүмкіндік жасады.

InShot_20230319_174306987

Солардың бірі, ауылдың емес, жалпы ауданымыздың егде тұрғыны 1920 жылғы 102 жасар Тоқжанова Нұрсұлу әжеміз де елімізде болып жатқан саяси науқаннан қалыс қалмай, өз таңдауын жасауда.

Аман Ізмұхан,
Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале