15.09.2026, 18:30
Оқылды: 6

Шыңғырлау ауданында «Ашық есік» өтті

Шыңғырлау ауданында тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған «Ашық есік» шарасы өтті.

 image-15-09-26-04-58

Азаматтардың заң талаптарын дұрыс түсінуіне, өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жолдарын білуіне мүмкіндік беру  құқықтық мемлекеттің басты қағидаларының бірі. Осы бағытта бүгін, 15 қыркүйекте, Шыңғырлау ауданы, Шыңғырлау ауылында тұрғындарға арналған «Ашық есік» шарасы ұйымдастырылды.

Іс-шара «Әділет» партиясы ғимаратында өткізіліп, аудан тұрғындарына тегін құқықтық кеңес алу мүмкіндігі ұсынылды. Қабылдауға құқық қорғау және заң саласының білікті мамандары қатысты.

Атап айтқанда, азаматтардың сауалдарына прокуратура, адвокатура, нотариат, заңгерлер және сот орындаушыларының, Отбасы банкінің өкілдері жауап берді. Тұрғындар өздерін толғандырған құқықтық мәселелер бойынша мамандардан тікелей кеңес алып, заң аясындағы нақты шешу жолдарын білуге мүмкіндік алды.

Мұндай кездесулердің маңызы зор. Себебі күнделікті өмірде азаматтар мұрагерлік, мүліктік қатынастар, алимент, еңбек даулары, атқарушылық іс жүргізу, сотқа жүгіну тәртібі секілді түрлі құқықтық мәселелерге тап болып жатады. Ал заң талаптарын білмеу кей жағдайда азаматтың өз құқығын толық пайдалануына кедергі келтіруі мүмкін.

"Ашық есік" шарасының негізгі мақсаты – халыққа заңды түсіндірумен қатар, құқықтық мәселелерін шешуде азаматтарға нақты көмек көрсету. Құзырлы мамандардың бір алаңда бас қосуы тұрғындардың уақытын үнемдеп, қажетті ақпаратты тікелей тиісті сала өкілдерінен алуына жол ашты.

Заңды білу  тек өз құқығыңды қорғау емес, қоғамдағы жауапкершілігіңді сезіну. Сондықтан осындай құқықтық кеңес беру шаралары тұрғындардың құқықтық мәдениетін қалыптастырып, «Заң мен тәртіп» қағидатының орнығуына өз үлесін қосары сөзсіз.

Заңға жүгіну  қорған іздеу емес, өз құқығыңды білудің белгісі. Ал құқықтық кеңес  азаматқа көрсетілген нақты қолдаудың бір түрі.

Светлана Ешматқызы

Шыңғырлау ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале