19.03.2023, 7:55
Оқылды: 75

Шыңғырлау ауданында дауыс берушілер белсенділік танытуда

Бүгін ҚР Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарын кезектен тыс сайлауы таңғы 7:00-де басталды. Дәстүрге сай Шыңғырлау ауданының барлық сайлау учаскесінде Мемлекеттік Гимн ойналып, алғашқы сайлаушылар өз таңдауларын жасады.

IMG-20230319-WA0042

Шыңғырлау ауданы бойынша маңызды саяси науқанда 8 636 адамның дауыс беру құқығы бар. Аудан бойынша 19 сайлау учаскесі, 10 сайлау округі бар, онда 95 учаскелік, 50 округтік және 7 аумақтық сайлау комиссия мүшелері аудан көлемінде сайлау жұмыстарын ұйымдастыруға атсалысуда. Дауыс берушілердің басым көпшілігі аудан орталығында орналасқан, сондықтан 5 286 сайлаушыға 6 сайлау учаскесі қызмет етеді.
«Қазақстан Республикасының азаматы ретінде сайлаушылар дауыс беруге белсенді қатысуда. Атап айтқанда, дауыс берушілер легі толастамай, сайлау басталғалы дауыс беру құқығына ие тұлғалар өз таңдауын толассыз жасауда. Азаматтар дауыс беру құқығын заңға сәйкес толық пайдалануда. Сайлау учаскелерінде дауыс беру таңертеңгі сағат 7.00-де басталып, кешкі сағат 20.00-де аяқталады», – деді аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлыбек Қалиев.

IMG-20230319-WA0002

Сайлау күнінде №424 Орталық сайлау учаскесі, №425 Привокзал сайлау учаскесі мен №426 Шыңғырлау сайлау учаскесінде интернет сервис ұйымдастырылды. Интернет сервис арқылы әр адам сайлауға қатысты сұрақтарына жауап ала алады, сонымен қатар, басқа өңірден келген азаматтар болса, сайлау мәселесі бойынша осы сервиске жүгінулеріне болады екен. Аудан бойынша сайлауға қатысты сұрақтарына CALL орталығының 33-445 телефоны арқылы жауап ала алады.

Аман Ізмұхан,
Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале