Шыңғырлау ауданы әкімі Мұрат Өмірәлиевтің төрағалығымен атаулы күнге орай салтанатты жиын өтті.
Шараға аудандық дербес бөлім, мекеме басшылары, аудандық мәслихат депутаттары, қоғамдық бірлестік жетекшілері, округтік және учаскелік сайлау комиссияларының төрағалары, сайлау саласының ардагерлері қатысты.
Жиында аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлыбек Калиев сайлау жүйесінің кешегі мен бүгіні, сайлау үрдістеріндегі реформалық өзгерістер туралы баяндады. Өз кезегінде аудан әкімі Мұрат Өмірәлиев «Бұл күннің мақсаты – демократиялық сайлаудың маңыздылығын еске салу, сайлаушылардың белсенділігін арттыру”- деп атап өтті.
Шара соңында бірқатар сала ардагерлері мен комиссия төрағалары Батыс Қазақстан облысының аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы, Шыңғырлау ауданының әкімі және аудандық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының алғыс хаттарымен марапатталды.
Әсел Әлім,
Шыңғырлау ауданы