9.09.2026, 18:15
Оқылды: 5

Шыңғырлау ауданында интеллектуалдық сайыс өтті

Шыңғырлау аудандық кітапханасында Қазақстан халқы тілдері күніне орай «Тіл – ұлттың айнасы» тақырыбында интеллектуалдық ойын ұйымдастырылды.

WhatsApp Image 2026-09-09 at 18.15.44

Танымдық әрі тағылымдық шараның негізгі мақсаты мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, ана тілін құрметтеуге тәрбиелеу, жастардың тілдік сауаттылығын арттыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және қатысушылардың ойлау қабілеті мен білімін шыңдау.

Интеллектуалдық сайысқа қатысқан командалар қазақ тілінің тарихы мен тағылымына, салт-дәстүр мен ұлттық мәдениетке, әдебиет пен өнерге қатысты түрлі сұрақтарға жауап беріп, өз білімдерін ортаға салды. Ойын барысында қатысушылардың тапқырлығы мен шапшаңдығы сыналып, тілге деген қызығушылығы айқын байқалды.

Шараның алғашқы құттықтау сөзі аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Олжас Сейтімовке берілді. Бөлім басшысы қатысушыларға сәттілік тілеп, тіл халықтың рухани тұтастығын сақтайтын басты құндылықтардың бірі екенін атап өтті.

WhatsApp Image 2026-09-09 at 18.16.19

Сондай-ақ шара барысында Батыс Қазақстан облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысының атынан «Мен оқыған 30 кітап» республикалық байқауына қатысқан Айзере Жаумбайға Алғыс хат табысталды. Бұл кітап оқуға, білімге ұмтылған оқушыға көрсетілген қолдаудың жарқын көрінісі.

WhatsApp Image 2026-09-09 at 18.16.18

Тіл – ұлттың жадын сақтайтын алтын арқау. Ана тілін білу  өткенді тану ғана емес, келешекке жол ашу. Сондықтан мұндай интеллектуалдық ойындар өскелең ұрпақтың тілге деген құрметін арттырып қана қоймай, білім мен кітапқа құштарлығын қалыптастыруға да ықпал етеді.

WhatsApp Image 2026-09-09 at 18.15.44 (1)

Тіл бар жерде – ұлт бар. Ал ұлттың болашағы оның тілге деген құрметінен басталады.

 

М.Сәдір

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале