4.06.2026, 11:30
Оқылды: 101

Шыңғырлау ауданында Мемлекеттік рәміздер күніне арналған Ту көтеру рәсімі өтті

4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай Шыңғырлау ауданындағы орталық саябақта Мемлекеттік Туды көтеру салтанатты рәсімі өтті. 

image-04-06-26-11-17-1

Мерекелік шараға аудан әкімі аппараты, мемлекеттік мекеме, бөлім қызметкерлері, құқық қорғау органдарының өкілдері, ардагерлер, жастар және аудан тұрғындары қатысты.

Салтанатты жиында Мемлекеттік рәміздердің ел тәуелсіздігін айқындайтын қасиетті құндылықтар екендігі атап өтілді. Мемлекеттік Ту, Елтаңба және Гимн – халқымыздың ғасырлар бойғы азаттығын бейнелейтін, егемендігіміздің негізін айқындайтын басты нышандар.

image-04-06-26-11-17-4

Іс-шара барысында Шыңғырлау аудандық қорғаныс бөлімінің бастығы Файзолла Байдоллаұлы Серипов Мемлекеттік Туды көтеру рәсімін өткізілді. Сап түзеген қатысушылар Мемлекеттік Туға бой түзеп, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін орындады.

image-04-06-26-11-17-3

Мемлекеттік Ту тәуелсіз еліміздің мәртебесін айқындайтын басты рәміздердің бірі. Қазақ халқы үшін байрақ қашанда ерлік пен бірліктің, елдік пен азаттықтың белгісі саналған. Бабалар аманатына адалдық танытып, көк Туды қастерлеу – әрбір азаматтың қасиетті борышы.

Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 20 қаңтардағы Жарлығына сәйкес 4 маусым елімізде Мемлекеттік рәміздер күні ретінде аталып өтеді. Аталған мерекенің негізгі мақсаты – қазақстандық патриотизмді нығайту, мемлекеттік рәміздерге деген құрметті арттыру және ел жетістіктерін кеңінен насихаттау.

image-04-06-26-11-17-5

Көк байрағымыз көгімізде мәңгі желбіреп, еліміздің мерейі  биік, тәуелсіздігі тұғырлы болғай.

 

Светлана Байтенова,

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале