9.07.2022, 19:36
Оқылды: 71

Шыңғырлау ауданында семинар өтті

Бүгін Шыңғырлау ауданы Ащысай ауылында егін шаруашылығы тақырыбы арқау болған «Егінжай күні - 2022» атты семинар оздырылды.

IMG-20220709-WA0018

Аудан әкімі Әлия Мұханбетжанованың​ төрағалығымен өткен семинарға Батыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Ж.Халиуллин, көршілес Ресей Федерациясының ғалымдары, аудандық дербес бөлім, мекеме​ басшылары, облысымыздың өзге аудандарының және ауданнның шаруа қожалық басшылары, ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі басшылары, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты.

Семинарда құрылымдық егіс алқаптарын реттеу, жаздық дәнді және майлы дақылдардың күздік егісінің бейімделу ерекшелігі, дәнді және майлы дақылдарды кешенді қорғаудағы инновациялар және
климаттың өзгеруі Қазақстанның және одан тысқары елдердің азық-түлік қауіпсіздігіне қауіп төндіруі секілді маңызды мәселелер талқыланды.
Жиын барысында ауыл шаруашылық дақылдарының егіс алқаптарын егудегі жаңа технологиялар аясында өзекті мәселелер ортаға салынып, қатысушылар тәжірибелерімен бөлісті.

Шара соңы «Жарас» шаруа қожалығының күздік бидай алқабы​ мен «Амангелді - Агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жаздық бидай егіс алқаптарын келген қонақтарға таныстырумен аяқталды.

IMG-20220709-WA0019

Аман Ізмұхан,
Шыңғырлау ауданы,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале