21.08.2026, 20:20
Оқылды: 5

Шыңғырлау ауданында Спорт күні салтанатты түрде атап өтілді

Шара барысында жас балуандар грек-рим және еркін күрестен шеберлік сабақтарын көрсетіп, көрермендер қошеметіне бөленді. Аудан әкімінің орынбасары Айбек Исламбек жиналғандарды мерекемен құттықтап, бұқаралық спортты дамыту ұлт денсаулығын нығайтудың берік негізі екенін атап өтті.

image-21-08-26-07-48

Салтанатты жиында ауданның «Бабалар ізімен», «Халық ойындары – 2026» және «Ақбидай» облыстық спартакиадаларында жеткен жетістіктері ерекше аталып, үздік спортшылар мен бапкерлерге Батыс Қазақстан облысы әкімінің, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының әрі аудан әкімінің алғысхаттары табысталды, сондай-ақ жасөспірімдерге спорт шеберлігіне үміткер куәліктері тапсырылды.

image-21-08-26-07-49

Мереке аясында жыл бойы өткізілген аудандық волейбол және футбол лигаларының қорытындысы шығарылып, жүлдегер командалар марапатталды. Сонымен қатар кермеге тартылу, дойбы, гір көтеру, үстел теннисі, аударыспақ, асық ату мен арқан тартыс сияқты спорт және ұлттық ойын түрлерінен аудандық спартакиада өтіп, үздік ауылдық округтер мен жекелеген спортшылар сараланды.

Шара соңы аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты.

image-21-08-26-07-48 (2)

Бүгінде заманауи дене шынықтыру-сауықтыру кешені жұмыс істейтін Шыңғырлау ауданында бұқаралық спортты насихаттау және тұрғындарды салауатты өмір салтына тарту бағытындағы жүйелі жұмыстар әрі қарай да жалғаса бермек.

Светлана Байтенова,

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале