8.05.2024, 18:00
Оқылды: 40

Шыңғырлау ауданында сын сағатта ауызбіршілік танытқандар алғыс алды

Өңірімізде орын алған төтенше жағдай баршамызды жұдырықтай жұмылдырды. Табиғи апатпен күресте ел азаматтары жай қарап қалған жоқ. Орал қаласында су тасқынына қарсы шаралар бастау алғаннан-ақ Шыңғырлау ауданынан, ауылдық округтерінен еріктілер көмекке барып, жұмыстар аяқталғанға дейін атсалысқан болатын.

image-07-05-24-05-26-4

Аудан әкімі Мұрат Өмірәлиев сол азаматтарды қабылдап, сын сағатта ауызбіршілік танытып, игі іске арқау болғандары үшін ризашылығын білдіріп, алғысхаттарын табыстады.

Әсел Әлім,

Шыңғырлау ауданы

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале