20.10.2021, 12:27
Оқылды: 129

Шыңғырлау ауданында тағы да жаңа спорт алаңы ашылды

Бүгін ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай  Алмаз ауылында жаңа шағын футбол алаңының ашылу салтанаты өтті.

22

Спорт алаңының ашылу салтанатына аудан әкімі Әлия Мұханбетжанова қатысып, ауыл тұрғындарын жаңа нысанның ашылуымен құттықтады. Өз сөзінде аудан басшысы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жолдауында:  «Барлық жастағы азаматтар арасында бұқаралық спортты дамыту маңызды» деген тапсырмасына орай аудан көлемінде бұқаралық спортты дамытуға бағытталған жұмыстарға тоқтала келе, құрылыс жұмыстарына атсалысқан азаматтарға алғыс хаттар табыс етті.

24

Келесі сөз кезегін алған ауыл ақсақалы Құрманов Байболат Кәрімұлы жаңа спорт алаңына, сонымен қатар өңірімізде атқарылып жатырған өзге де игі істерге ауылдастары атынан шынайы алғысын білдірсе, жобаның мердігері «Элит Строй» ЖШС-нің басшысы Ерлан Адешов    алмаздықтарды мерекемен құттықтады.

25

Жергілікті бюджеттен 11 млн 600 мың теңге көлемінде қаражат бөлінген шағын спорт алаңының құрылыс жұмыстарын мердігер «Элит Строй» ЖШС-гі жүргізген.   Көлемі 40-та 20 болатын алаңында жанкүйерлерге арналған орындық, жасанды төсеніш, футбол ойынына арналған қақпа және түн мезгілінде жарықтандыруға арналған 6 жарық шамдар орнатылған.

Аман Ізмұхан,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале