16.03.2020, 12:13
Оқылды: 838

Шыңғырлау ауданының әкімі тағайындалды

ҚР Президент Әкімшілігінің және аудандық мәслихаттың келісімімен меритократия қағидасына сәйкес, Шыңғырлау ауданының әкімі лауазымына Әлия Биғазықызы Мұханбетжанова тағайындалды.

akim

Мұханбетжанова Әлия Биғазықызы 1978 жылы Батыс Қазақстан облысы Орал қаласында дүниеге келген. Батыс Қазақстан мемлекеттік аграрлық университетін «агрохимия және топырақтану», М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін «орыс тілі мен әдебиеті, шет тілі» мамандықтары бойынша тәмамдаған.

Әр жылдары Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданы Кожевников орта мектебінің мұғалімі, жер ресустарын басқару жөніндегі Зеленов аудандық бөлімінің жетекші маманы, Зеленов ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің жер қатынастары жөніндегі бас маманы, Зеленов ауданының жер қатынастары бөлімінің меңгерушісі, Зеленов ауданының жер қатынастары бөлімінің басшысы (Переметное ауылы). 2014 жылдың тамыз айынан бастап Батыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасының басшысы қызметін атқарды.

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале