1.09.2022, 13:00
Оқылды: 58

Шыңғырлау ауданының білім ордаларында алғашқы қоңырау соғылды

Бүгін Шыңғырлау ауданында барлық білім ордаларында жаңа оқу жылы басталып, мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндерге алғашқы қоңырау соғылды.

15

Осындай ерекше тебіреніс пен толғанысқа толы күнде, әсіресе мектеп табалдырығын тұңғыш рет аттағалы тұрған, жаңа өмірге қадам жасаған 1-сынып оқушылары үшін қуанышты күн.

13

Осындай қуанышты күні аудан әкімі Әлия Мұханбетжанова Ардақ ауылының негізгі білім беретін орта мектеп-балабақшасына ыстық лебізін білдіру үшін арнайы келді. Аудан басшысы өз сөзінде аудан көлемінде, соның ішінде Ардақ ауылында атқарылған жұмыстарға қысқаша тоқтала отырып, жаңа оқу жылында оқушылар мен ұстаздарға толағай табыстар тіледі.

Мектеп директоры Л.Қабдығалиева мен мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Г.Бикужиева оқу жылының басталуы туралы бұйрықпен таныстырса, аудандық білім беру бөлімінің басшысы Қ.Есенов оқушыларға сәттілік тіледі. Мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндер де ән орындап, өз өнерлерін паш етті.

14

Салтанатты жиын білім күніне арналған "Терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет" атты сынып сағаттарына ұласты.

Аман Ізмұхан,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале