15.08.2022, 16:31
Оқылды: 42

Шыңғырлау жастары – турнир жеңімпазы!

Жуырда жастар саясатында қызмет жасап жүрген мамандар арасында волейболдан облыстық турнирі өтті. Облысымыздың Орал қаласы мен Шыңғырлау, Бәйтерек, Жаңақала, Бөрлі аудандарының ЖРО командалары қатысқан кездесулер тартысты ойынымен жанкүйерлерді разы етті.

8

Турнир барысында Шыңғырлау ауданының спортшысы Ботагөз Кармысова «Үздік байланыстырушы», Бәйтерек ауданының спортшысы Сағадат Биманов «Үздік шабуылшы», Ақжайық жастары командасының спортшысы Асланбек Сандыбаев «Үздік қорғаушы», Бөрлі ауданының спортшысы Ботагөз Байқадамова «Үздік қабылдаушы» және Жаңақала ауданының спортшысы Алтынбек Болатов «Үздік ойыншы» аталымымен марапатталды.

Ал, турнирдің үшінші орыны Жаңақала аудандық ЖРО командандасына бұйырса, жүлделі екінші орынды Бәйтерек ауданның ЖРО командасы жеңіп алды. Жарыс басталысымен өздерінің ептілігі мен жеңіске деген жігерлерінің арқасында Шыңғырлау аудандық ЖРО командасы жеңімпаз атанып, І орынды жеңіп алды.

Г. Шынтас,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале