11.08.2022, 17:30
Оқылды: 72

Шыңғырлау жастары – турнир жеңімпазы!

Халықаралық жастар күніне орай Бөрлі аудандық ЖРО ұйымдастыруымен жастар саясатында қызмет жасап жүрген мамандар арасында волейболдан облыстық турнир болып өтті.

12

Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдаған Жолдауында, жастармен өткен кездесулерінде ел болашағы дені сау, әлуметтік қорғалған, еңбекқор және білімді, отанын сүйетін жастардың қолында екенін үнемі айтып, сенімін білдіріп келеді. Аталған турнир облыс жастары арасында патриотизмді насихаттап, салауатты өмір салтын қалыптастыруға ықпал етпек.

Турнирдің ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Алпамыс Көшкенбаев, аудандық ішкі саясат бөлімі басшысының м.а. Руслан Азаматов, облыстық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының жастарға қызмет көрсету орталығының басшысы Нұрғайша Төлеуғали,  аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы Толқын Хадышова, БЖСМ директорының орынбасары Лаззат Имашева, "Ақсай" спорт кешенінің директоры Бауыржан Мухтубаевтар қатысты.

Жастар саясатында қызмет жасап жүрген мамандар арасында волейболдан облыстық турниріне «Ақжайық жастары» облыстық ЖРО мен  Шыңғырлау, Бәйтерек, Жаңақала, Бөрлі аудан дарының ЖРО командалары қатысты.

Турнир барысында Шыңғырлау  ауданының спортшысы Ботагөз Кармысова «Үздік байланыстырушы»,  Бәйтерек ауданының спортшысы Сағадат Биманов «Үздік шабуылшы», Ақжайық жастары командасынан Асланбек  Сандыбаев «Үздік қорғаушы», Бөрлі ауданының спортшысы Ботагөз Байқадамова «Үздік қабылдаушы» және Жаңақала ауданының спортшысы Алтынбек Болатов «Үздік ойыншы» аталымымен марапатталды.

11

Ал турнирдің үшінші орыны Жаңақала жастары командандасына бұйырса, жүлделі екінші орынды Бәйтерек ауданының командасы жеңіп алды. Жарыс басталысымен өздерінің ептілігі мен жеңіске деген жігерлерінің арқасында Шыңғырлау аудандық ЖРО командасы жеңімпаз атанып І орынды жеңіп алды.

Жүлдегерлер мен жеңімпаздар арнайы сыйлықтарға ие болды.

Айым Нұрғалиева,

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале