19.09.2020, 19:01
Оқылды: 111

Шыңғырлауда әр аптаның сенбісінде күзгі жәрмеңке өтеді

Бүгін Шыңғырлау ауданы орталығында ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілері өнімдерінің күзгі жәрмеңкесі басталды.  

IMG_9077

Жәрмеңкеде Қарағаш, Алмаз, Ақшат ауылдық округтері, аудан тұрғындары, жеке кәсіпкерлер өздері өндірген өнімдерін саудаға шығарып жылқы етінің әр келісін 1900 теңгеден, сиыр, қой етінің әр келісін 1700 теңгеден сауда-саттыққа шығарды.

IMG_9124

Шыңғырлаулықтар құс еті, құрт, май, қымыз, картоп, жеміс-жидектерді қолжетімді бағамен сатып алуға мүмкіндік алды.

Жәрмеңке әр сенбі сайын 14 қарашаға дейін жалғасады.

 

Б.Баймағамбетова

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале