1.07.2022, 23:15
Оқылды: 100

Шыңғырлауда ардагерлер арасында шахмат, дойбыдан аудандық жарыс өтті

Ардагерлер ұйымының құрылғанына 35 жыл толуына орай Шыңғырлау ауданы орталығындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде ардагерлер арасында шахмат, дойбыдан аудандық жарыс өтті.

IMG_2474

Шараның ашылу рәсімінде аудан әкімінің орынбасары А.Бисембаев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Сәмиев сөз сөйлеп, жарысқа қатысушыларға жеңіс тіледі.

Алды сексенді алқымдаса да салауатты өмір салтын ұстанумен қатар, қоғамдық жұмыстарға да белсене араласып, жастарға үлгі болып жүрген ардагерлеріміз шаршы тақтада өз бақтарын сынады.

Дойбы сайысы бойынша С.Сәмиев І орынды иеленсе, ІІ орынды Е.Евстефеев еншіледі. ІІІ орын Т.Жантасовқа бұйырды.

22

Шахмат ойынының қорытындысы бойынша Ан Сергей І орынды, М.Кутуев ІІ орынды, Қ.Құсайынов ІІІ орынды өзара бөлісті. Ал, Р.Балваниязов пен  Б.Юмабаев «Үздік ойыншы» аталымдарына ие болды.

Жеңімпаздарға «Шыңғырлау» спорт клубының атынан дипломдар, медальдар мен қаржылай сыйлықтар табысталды.

Б.Баймағамбетова,

Шыңғырлау ауданы,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале