22.05.2026, 19:04
Оқылды: 8

Шыңғырлауда аудандық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті

Шыңғырлау аудандық қоғамдық кеңестің 2026 жылға арналған жоспарына сәйкес кезекті отырысы өтті. Жиында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар маңызды мәселелер қаралды.

image-22-05-26-05-00

Кеңес отырысын аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Азамат Тағаниязов жүргізді.

Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша аудандықэкономика және қаржы бөлімінің сектор меңгерушісіМахамбет Карабалин 2025  жылға арналған бюджеттіңорындалуы туралы баяндама жасады. Ол аудан бюджетініңигерілу барысы мен қаржының тиімді жұмсалуы жөніндеақпарат берді.

Екінші мәселе аясында аудандық тұрғын үй-коммуналдықшаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдарыбөлімінің басшысы Темірхан Байғалиев Шыңғырлауауылындағы қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, шығаружәне полигон аумақтарын күтіп ұстау жұмыстары жөніндеесеп берді.

Сонымен қатар, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Жәнібек Ишекенов көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойыншаатқарылған жұмыстар туралы баяндады.

Келесі кезекте Ақтау және Ардақ ауылдық округтеріаппараттарының 2025 жылы көрсетілген мемлекеттікқызметтері туралы есептері тыңдалды. Бұл бойынша Ақтауауылдық округінің бас маманы Алмас Хамитов пен Ардақауылдық округінің әкімі Мәди Сатыбалдиев баяндама жасады.

Күн тәртібіндегі соңғы мәселе аудан жастарының бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында ұйымдастырылатын іс-шараларға арналды. Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстықорталық директорының міндетін атқарушы Салтанат Халеловаосы бағытта атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағыжоспарлар жөнінде мәлімет берді.

Жиын барысында кеңес мүшелері көтерілген мәселелербойынша өз пікірлерін білдіріп, тиісті ұсыныстарын ортағасалды. Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша нақты міндеттербелгіленіп, тиісті сала басшыларына тапсырмалар жүктелді.

Светлана Байтенова

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале