22.05.2026, 17:00
Оқылды: 49

Жымпитыда спорт алаңы ашылды

Бүгін Жымпиты ауылындағы Мұхит көшесінде заманауи спорт және балалар ойын алаңының ашылу салтанаты өтті.

c125e21f-6b34-435c-b6f4-a7acb6fe7cf5

Ел Президентінің бұқаралық спортты дамыту жөніндегі тапсырмалары аясында жүзеге асқан жоба жеке меценаттар мен ауыл азаматтарының қолдауымен бой көтерді.

Түсінікті тілмен айтқанда, бұл нысан - халық салған нысан. Қажымұқан, Әбілқайыр хан және Мұхит көшесінің тұрғындарының осылайша өздерінің мөлтекаудандарында  ауқымды инфрақұрылымдық жобаны іске асырды.

Жаңа нысан тұрғындардың салауатты өмір салтын ұстануына және балалардың бос уақытын тиімді өткізуіне мүмкіндік береді.

Салтанатты шарада аудан әкімі Жұмагелді Батырниязов сөз сөйлеп, көше тұрғындарын қуаныштарымен құттықтады. Сонымен қатар, игі бастаманың жүзеге асуына үлес қосқан ауылдың жанашыр азаматтарына алғысын білдірді.

b75755de-e850-4c96-975b-83b437530230

Спорт алаңының лентасын қию рәсімін «SK ALASH» ЖШС директоры Исатай Мұхитұлы мен ауыл ақсақалы Қазбек Ғабдоллаұлы орындады.

e2b6c674-bf8e-47b6-98b9-10cc499097a8

Мерекелік шара барысында көше тұрғындары ақ боз үй тігіп, қазақы дәстүрдің иісін аңқытты.

 

Қоңдыкер Жеңісұлы,

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале