1.10.2020, 17:01
Оқылды: 194

Шыңғырлауда ауыл көшелері жарықтандырылды

Аудан көлемінде халықтың ігілігі үшін барлық жағдай жасалуда. Аудан орталығында, ірі елді-мекендерде де әлеуметтік маңызы бар мәселелер жылдан-жылға оң шешімін тауып келеді. Шағын ауылдар да мемлекеттің қолдауын сезінуде. Айталық, 17 түтіні бар кішкентай ғана Қызылкөл ауылына көгілдір отын, таза ауыз су өткізіліп, тұрғындарға қолайлы жағдай жасалып отыр.

image001

Соңғы уақытта ауыл жұртшылығы көшелерді жарықтандыру мәселесін жиі көтеретін еді. Осы өтініш аяқ асты қалмай, жуырда жергілікті бюджеттен 240 мың теңге бөлініп, 9 нүктеге жарық шам орнатылыпты.

Қызылкөл ауылының көшелерін жарықтандыру жұмыстарын жергілікті «Фаза» жеке кәсіпкерлігі жүргізді. Келер жылы қосымша 6 нүктеге жарық орнату, жол салу, бөгет орнату жоспарымызда бар. Бұдан бөлек, ауылға қатысты ұсақ-түйек мәселелер де күн тәртібінен түскен емес, - дейді Шыңғырлау ауылдық округі әкімінің орынбасары Ә.Қаражанов.

Жасыратыны жоқ, ауылымыз шағын. Оның үстіне көшіп кеткендер көп. Дегенмен, біз де аудан орталығындағы халықтан кем тұрмаймыз. Ұялы байланыс, көгілдір отын, су жеткізілді. Енді міне, көшелерге шамдар орнатылып, ауылымыз түнде жап-жарық кейіпке енді. Ауыл тұрғындары атынан алғысымызды білдіреміз. Барлық жағдай жасалған, ең бастысы адам өзі жұмыстан қашпай, еңбектену қажет, - дейді Қызылкөл ауылының тұрғыны Гүлайым Нәжмеденова.

Аман Ізмұхан,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале